logo

«Челси» қысқы трансфер кезеңінде Мудрикті сатуға дайын

«Челси» қысқы трансфер кезеңінде Мудрикті сатуға дайын

Лондондық «Челси» клубының украиналық вингері Михаил Мудрик осы желтоқсанда командадан кетуі мүмкін, деп хабарлайды Sport+.

Footiecentral басылымының мәліметінше, «Челси» 23 жастағы ойыншыны қысқы трансфер кезеңінде сатуды қарастыруда, себебі оған бірнеше клубтан ұсыныс түскен.

Мудрикті өз сапына қосуға үміткерлер арасында АПЛ-дың екі клубы бар: осы маусымда Чемпиондар Лигасына қатысып жатқан «Астон Вилла» мен лондондық «Вест Хэм». Сондай-ақ, француздық «Марсель» де ойыншыға қызығушылық танытуда. «Челси» украиналық футболшымен €35 млн көлемінде сомаға қоштасуға дайын.

Осы маусымда Мудрик «Челси» сапында барлық турнирлерде 16 матч өткізіп, үш гол соғып, төрт нәтижелі пас берді. Михаил лондондық клубқа 2023 жылдың қаңтарында қосылған болатын.



Күн шежіресі