Марлан Мұқашев Венгрияда өткен рейтингтік күрес турнирінде «күміс» медальді жеңді (видео)

Қазақстандық балуан Марлан Мұқашев Венгрияда өткен рейтингтік турнирде жеңіске бір қадам жетпей тоқтады, деп хабарлайды Sport+.
Грек-рим күресінен 55 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өткен финалдық белдесуде Мұқашев ресейлік Эмин Сеферашевке 0:9 есебімен жол берді.
Сондай-ақ осы салмақ дәрежесінде Алпамыс Дастанбек қола жүлдеге таласқан болатын, алайда румын балуаны Денис Михайиге есе жіберді.
60 келіге дейінгі салмақта Ғалым Қабдунассаров қола медаль үшін белдесуде ресейлік Садық Лалаевке жол берді.
Ал 63 келіге дейінгі салмақта Ержет Жарылқасын үшінші орын үшін өткен жекпе-жекте өзбекстандық Исломжон Бахрамовты жеңіп, қола медальға ие болды.