logo

Мадхия Усманова жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алды

Мадхия Усманова жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алды

Қазақстандық Мадхия Усманова әйелдер күресінен Афинада (Грекия) өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында жеңімпаз атанды, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Қазақстандық спортшы 57 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде қарсылас шақ келтірмеді.

Финалда Усманова Үндістан атынан қатысқан Мониді 6:5 есебімен жеңді.

Ал 43 келіге дейінгі салмақта Инжу Баққожа үшінші орынға ие болды.

Айта кетейік, бұған дейін грек-рим күресінің өкілі Жанажол Қуанышбек те чемпион атанған болатын.



Күн шежіресі