logo

Александр Бублик – ATP 250 турнирінің жеңімпазы

Александр Бублик – ATP 250 турнирінің жеңімпазы

Александр Бублик Франциядағы ATP 250 турнирінде ұтып, мансабындағы төртінші титулды жеңіп алды, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Турнирдің финалында Бублик хорватиялық Борна Чоричті 5:7, 6:2, 6:3 есебімен жеңді.

Қазақстандық теннисші үшін бұл Монпелье турниріндегі екінші жеңісі, сондай-ақ мансабында Галле және Антверпенде жеңіске жеткен.