logo

Александр Бублик әлемдік рейтингте жеке рекордын жаңартты

Александр Бублик әлемдік рейтингте жеке рекордын жаңартты

Қазақстанның ең үздік теннисшісі Александр Бублик ATP жеке рейтингінде рекордтық орынға көтерілді, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Монпельедегі (Франция) ATP-250 турнирінде жеңіске жеткеннен кейін, Бублик әлемдік рейтингте 23-ші орынға көтерілді. Бұған дейін Александр үшін ең жоғары позициясы 25 орын болған.

Ерлердің әлемдік рейтингінде бірінші орында Новак Джокович тұр. Екінші орында Карлос Алькарас. Үшінші орынды ресейлік Данил Медведев иеленді.



Күн шежіресі