logo

Александр Бубликтің келесі турнирі Sport Plus Qazaqstan-да тікелей эфирде көрсетіледі

Александр Бубликтің келесі турнирі Sport Plus Qazaqstan-да тікелей эфирде көрсетіледі

Монпельедегі жеңістен кейін Александр Бублик Норвегия астанасы Ослода өтетін турнирге аттанады, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

UTS турнирі Норвегияда 9-11 ақпан аралығында өтеді. Қазақстандықтан басқа, турнирге Андрей Рублев, дат Хольгер Руне, норвегиялық Каспер Рууд, француз Гаэль Монфис және австриялық Доминик Тим қатысады.

9 ақпан күні Бублик Тиммен, 10-да Рууд және Рунемен ойнайды. 11 ақпанда плей-офф матчтары өтеді.

Ослодағы турнир ойындары Sport Plus Qazaqstan телеарнасында және сайтында көрсетіледі.



Күн шежіресі