logo

Қос қазақстандық теннисші Францияда мықтыны анықтады

Қос қазақстандық теннисші Францияда мықтыны анықтады

Қос қазақстандық теннисші Александр Шевченко және Александр Бублик Open Sud de France турнирінің ширек финалында кездесті, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Матч екі сағатқа созылды, нәтижесінде Бублик үздік шықты. Есеп 4:6, 6:3, 6:4.

Турнирдің жартылай финалында қазақстандық ойыншы Майо (Франция) - Оже-Альяссим (Канада) жұбының жеңімпазымен күш байқасады.