Бокстан спаррингтік кездесулер кестесі белгілі болды
8 сәуір күні бокстан Париж Олимпиадасына лицензиялық турнирге қатысу үшін іріктеу спаррингтік жекпе-жектер басталады, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan
Астанада боксшылардың жеке жаттықтырушыларының қатысуымен жеребе тарту рәсімі өтіп, шаршы алаңға шығатын жұптар анықталды. Ерлер арасында 63,5 келі салмақта бес боксшы спаррингтік сынға түседі. Қыздар арасында спаррингтер төрт салмақ дәрежесінде өтпек: 50 кг, 54 кг, 66 кг және 75 кг.
8-10 сәуір аралығында өтетін спаррингтік турнирдің алғашқы жұптары:
63,5 келі
1/4 финал
Мұхаммедсабыр Базарбайұлы-Ертуған Зейнулинов
1/2 финалда осы жұптың жеңімпазы Жандос Қыдыралиевпен кездеседі.
1/2 финал
Серік Теміржанов-Дулат Бекбауов
50 келі
Алуа Балқыбекова-Назым Қызайбай
54 келі
1/4 финал
Балауса Мұздыман-Жайна Шекербекова
Элина Базарова-Ұлжан Сәрсенбек
Дина Жоламан-Сымбат Әлиасқар
Сания Сұлтанқызы-Анель Сақыш
66 келі
1/4 финал
Дариға Шәкімова-Наталья Богданова
1/2 финалда осы жұптың жеңімпазы Милана Сафроноваға қарсы шығады.
1/2 финал
Лаура Есенкелді-Жасмин Қизатова
75 келі
1/2 финал
Гүлсая Ержан-Жібек Жарасқызы
Осы жұп жеңімпазы Валентина Хальзова кездеседі.