logo

Бокстан әйелдер құрамасы Олимпиадаға дайындық жүргізуде

Бокстан әйелдер құрамасы Олимпиадаға дайындық жүргізуде

Қазақстан әйелдер құрамасы Олимпиада Ойындарына дайындық бағдарламасы бойынша кезекті оқу-жаттығу жиынына кірісті, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Алматы облысы Жанашар ауылындағы спорттық базадағы бұл жиын 2 шілдеге дейін жалғасады. Бірнеше күндік демалыстан соң дәл осы базада Париж сапарының алдындағы соңғы дайындық кезеңі өткізіледі. Бас жаттықтырушы Елдос Сайдалин жетекшілігімен Олимпиадаға қатысатын спортшылар Назым Қызайбай, Карина Ибрагимова және Валентина Хальзова тыңғылықты дайындық жүргізуде. Әр салмақ дәрежесінде жаттығу барысында жәрдемдесетін үздік боксшылар да шақыртылған. Жалпы физикалық дайындық бойынша Мұхит Ахметов күнделікті арнайы жүктемелер бағдарламасын жүргізуде.