logo

Ағайынды боксшылар әке үмітін ақтауды көздейді

Ағайынды боксшылар әке үмітін ақтауды көздейді

Бүгін халықаралық әкелер күні, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Перзентін алғашқы қадамынан бастап, ұлы жетістікке жетелейтін де осы жандар. Оған дәлел елорда тұрғыны Рахат Қуандықов. Оның қос бірдей баласы Олимпиадада бақ сынайды. Айбек пен Нұрбек Оралбай.

Нұрбек пен Айбекті спортқа алғаш алып келген әкесі Рахат Қуандықов. Ол да тегін адам емес. Күрестен спорт шебері, қазіргі таңда осы жолда шәкірт баулып жүр.

«2007 жылы осы жұмыс бабымен Астанаға келдік. Айбек пен Нұрбекті кішкентайынан күреске баулыдым», - деді Рахат Қуандықов.

Халқымызда бір әкенің тәрбиесін жүз мектеп те бере алмайды деген тәмсіл бар. Иә оны егіздер де растап отыр. Ірі додаларда әкенің айтқан ақылы бізге демеу дейді боксшылар.