Блогер Сулла: Қаныбек салмақ жасай алмады, Донченкомен жұдырықтасу үшін, оны тек нокаутпен ұтуға тиіс деген шартпен келісті
Белгілі блогер Сулла Sport Plus Qazaqstan сайтына берген сұхбатында Абзалиев — Марсиу жекпе-жегіне қатысты бәс туралы, сонымен қатар Қаныбек — Донченко арасындағы қызық шарт туралы айтты.
— Абзалиев пен Марсиу Сантос арасындағы жекпе-жекті күтіп отырмын. Біріншіден, қазақ жауынгері шығайын деп отыр. Мен бір подкастымда, егер Олжас Абзалиев ұтылса, мен осы жерде шашымды тақырлатамын деп айтқанмын. Мен Олжасқа сеніп отырмын, бірақ қарсыласының деңгейі өте мықты, Сантос - өте тәжірибелі жауынгер. Олжастының командасын және бапкерлерін білемін, сол себепті Абзалиевқа болысып отырмын. Бүгін Фанил Рафиковтың келесі қарсыласы анақталады. Қырғыз бауырымыз Қаныбек 1 келі 900 грамм салмақ жасай алмады. Ол Данил Донченкомен жұдырықтасу үшін, оны тек нокаутпен ұтуға тиіс деген шартпен келісті. Егер нокаут болмаса, жекпе-жек аяғына дейін өтіп, төрешілер ұпай санын санауға жетсе, онда Қаныбек жеңісті Донченкоға береді. Осындай қызық нәрсе, — деді ММА блогері.