logo

Вандерлей Қабдрахмановты жекпе-жекке шақырды: Біз нағыз шоу көрсетеміз

Вандерлей Қабдрахмановты жекпе-жекке шақырды: Біз нағыз шоу көрсетеміз

Бразилиялық Вандерлей әлеуметтік желілерінде NAIZA лигасына және жартылай орта салмақтағы чемпион Нұрбек Қабдрахмановқа жүгінді, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan:

«Мен Қазақстандағы көптеген жанкүйерлеріміздің менің және Нұрбектің титулдық жекпе-жегімізді күтіп жүргенін білемін. Нұрбек екеуміз де лас сөздер мен трештокты ұнатпаймыз, бірақ біз әдемі жекпе-жек көрсетіп, үлкен аренада нағыз шоу жасаймыз. Жақында жекпе-жегіміз ресми түрде расталады деп үміттенемін, бірақ бір „бірақ“ бар. Жақында мен 30 жасқа толдым және енді тек титулдар үшін ғана емес, үлкен чектер үшін де күресуім керек. NAIZA, Нұрбек Карабала, бастық, менің ишаратымды түсіндіңіздер деп үміттенемін. Сіздер өкінбейсіздер», — деді бразил жауынгері. 

Вандерлей «Alash Pride» лигасының уақытша чемпиондық титулын Руслан Сариевтен жеңіп алған болатын. NAIZA-да бір жекпе-жек өткізіп, Жуман Жұмабековты жеңді.



Күн шежіресі