Бірінші лига чемпионы «Қызылжар» қатарын толтырды
Петропавлдық «Қызылжар» 32 жастағы қазақстандық қорғаушы Дмитрий Мирошниченкомен келісімшартқа қол қойғанын жариялады, деп хабарлайды Sport+.
Дмитрий – «Кубань» Краснодар және қазақстандық «Ақтөбе» клубтарының түлегі. Ол Премьер-лигада 200-ден астам матч өткізіп, екі рет Қазақстан чемпионы атанған: «Ақтөбе» сапында – 2013 жылы, ал «Тобылмен» – 2021 жылы. Сондай-ақ үш мәрте ел Суперкубогын жеңіп алған. Қазақстан құрамасы сапында 11 ойын өткізген.
Өткен маусымда Дмитрий «Оқжетпес» командасында ойнап, Бірінші лиганың чемпионы атанды.