Батырхан Тәжібай «Оқжетпесте» қалды
 
                                            «Оқжетпес» 23 жастағы қазақстандық вингер Батырхан Тәжібаймен келісімшартты ұзартқанын жариялады, деп хабарлайды Sport+.
Футболшы бұған дейін «Ордабасы» сапында өнер көрсеткен. 2024 жылдың басында ол көкшетаулық командаға ауысқан болатын.
Өткен маусымда Бірінші лигада Батырхан 26 матч өткізіп, 8 гол соқты.
 
    