logo

Қытай құрамасының бас бапкері өмір бойына сотталып кетті

Қытай құрамасының бас бапкері өмір бойына сотталып кетті

Футболдан «Эвертон» және «Шеффилд Юнайтед» командаларының бұрынғы ойыншысы, 2019-2021 жылдар аралығында Қытай құрамасының бас бапкері атанған Ли Те өмір бойына бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Қытай командасы 2022 жылғы әлем чемпионатына қатыса алмаған соң, оны қызметінен кетірген болатын.

Кейін ол Қытай футболындағы ірі жемқорлық істің фигуранты ретінде ұсталды. Жауап алу барысында ол ірі көлемде пара бергенін, Қытай командасының тізгінін ұстау үшін 3 миллион юань төлегенін айтқан. 

Қытай соты Ли Тені өмір бойына бас бостандығынан айырды.