Бублик Франциядағы турнирде жорығын аяқтады
 
                                            Қазақстандық теннисші Александр Бублик (ATP 39) Францияның Монпелье қаласында өтіп жатқан турнирдің жартылай финалына шыға алмады, деп хабарлайды Sport+.
Ширек финалда Бублик америкалық Александр Ковачевичпен (ATP 102) кездесіп, күтпеген жерден екі сетте жеңіліп қалды — 3:6, 2:6.
Матч 1 сағат 16 минутқа созылды.
 
    