Данилина WTA 500 турнирінің финалына шыға алмады
 
                                            Қазақстандық теннисші Анна Данилина ресейлік әріптесі Ирина Хромачевамен бірге Австрияның Линц қаласында өткен WTA 500 турнирінің финалына өте алмады, деп хабарлайды Sport+.
Жартылай финалда Анна мен Ирина украиналық Надежда және Людмила Киченок апалы-сіңлілерге 6:4, 6:0 есебімен жол берді.
 
    