Дамир Жалғасбай әлемдік жасөспірімдер рейтингінің ТОП-100 қатарына енді

16 жастағы Дамир Жалғасбай 18 жасқа дейінгі теннисшілер арасында ITF рейтингінде қарқынды өрлеуді жалғастыруда, деп хабарлайды Sport+.
Калькуттадағы ITF Juniors J200 санатындағы беделді турнирдің жартылай финалында қазақстандық қызықты матчта үндіс қарсыласы Арджун Ратхиге есе жіберді. Алайда, Дамир өткен аптамен салыстырғанда 18 сатыға көтерілді және қазір әлемдік жасөспірімдер рейтингінсінде 86-шы орында тұрақтады.