Қазақстандық финал Анталиядағы турнирде өтеді
Анталияда өтіп жатқан ITF W15 сериясындағы турнирдің жұптық финалында екі қазақстандық теннисші – Сандуғаш Кенжібаева мен Асылжан Арыстанбекова өзара кездеседі, деп хабарлайды Sport+.
Асылжан ресейлік Шадчневамен жұптасып, жартылай финалда румын-норвегиялық жұп Бьянка Бербулеску мен Астрид Ольсенді 6:1, 6:2 есебімен жеңді.
Ал Сандуғаш неміс Стойрмен бірге итальяндық Джулиана Бестетти мен Оттавия Массетти жұбынан 6:4, 6:2 есебімен басым түсті.