logo

«Барыстың» жарақаттанған ойыншылар тізімінде өзгеріс бар

«Барыстың» жарақаттанған ойыншылар тізімінде өзгеріс бар

Астаналық «Барыс» «Авангардпен» ойын алдында жарақаттанған ойыншылар бойынша есеп берді, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

«Жарақаттанған ойыншылар тізімінде Кирилл Савицкий және Роман Старченко Батырлан Мұратов пен Руслан Оспановты ауыстырды. Алекс Грант кеше жалпы топта алғашқы жаттығуын өткізді. Бүгінгі ойында ол айдынға шығуы әбден мүмкін», — деп мәлімдеді клуб.

Естеріңізге сала кетсек, «Барыс» пен «Авангард» матчы Астанада 10 қазан сағат 19:00ге жоспарланған.

Астаналық клуб ҚХЛ шығыс конференциясында соңғы 12-орында тұр. Елордалық хоккейшілер 14 матчта 12 рет жеңілген.