logo

Жеңіліс сериясындағы «Барыс» бүгін кезекті ойынын өткізеді

Жеңіліс сериясындағы «Барыс» бүгін кезекті ойынын өткізеді

Қазақстандық «Барыс» командасы бүгін, 7 қазанда Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын Ресейде «Автомобилист» (Екатеринбург) командасына қарсы өткізеді, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan Kazinform.kz сайтына сілтеме жасай отырып.

Екі команда бұған дейін 62 мәрте кездескен. Оның 38-і елордалық клубтың басымдығымен аяқталса, қалған ойында ресейлік команда жеңіске жеткен.

Кейінгі бес кездесудің үшеуінде қазақстандық клуб аталған қарсыласына есе жіберді.

Қазақстандық команда бұдан кейінгі екі ойынын елордада өткізеді. Алдымен 10 қазанда Ресейдің «Авангард» (Омбы) клубымен кездессе, одан кейін 16 қазанда «Салават Юлаев» (Уфа) шеберлік байқасады.



Күн шежіресі