«Барыстың» қос ойыншысы матч үздігі атанды
ҚХЛ тұрақты чемпионаты аясындағы сырт алаңдағы ойында Астананың «Барысы» «Сочи» командасын 6:3 есебімен жеңді, деп хабарлайды Sport+.
Елордалық команданың шабуылшысы Кирилл Савицкий қос гол соғып, матчтың үздік ойыншысы атанды.
«Барыс» форварды Алихан Өмірбеков шайба соғып, бір нәтижелі пас берді, осылайша ойынның үшінші жұлдызы деп танылды.