logo

«Барыс» сырт алаңдағы сериясын «Нефтехимиктен» жеңіліспен аяқтады

«Барыс» сырт алаңдағы сериясын «Нефтехимиктен» жеңіліспен аяқтады

«Барыс» хоккей клубы сырт алаңдағы сериясын Нижнекамскідегі жергілікті «Нефтехимикпен» кездесуде аяқтады.

Ойын 3:2 есебімен алаң иелерінің пайдасына аяқталды. «Барыс» сапында шайба соққандар — Семен Симонов пен Макс Уилман.

Кравец баптайтын команда келесі ойынды 28 қаңтар күні өз алаңында «Адмиралға» қарсы өткізеді.
 
 



Күн шежіресі