«Барыс» шетелдік ойыншылардың командадан кеткенін жариялады

«Барыс» хоккей клубы жеті легионердің командадан кеткенін ресми түрде жариялады, деп хабарлайды Sport+.
Контракт мерзімінің аяқталуына байланысты клубтан қақпашы Юхан Маттссон, қорғаушылар Виктор Антипин мен Илья Хохлов, сондай-ақ шабуылшылар Антон Бурдасов, Станислав Бочаров, Никита Сетдиков және Дамир Жафяров кетті.