Михайлис соққан шайба Германияны жеңуге жеткіліксіз болды

Қазақстан құрамасы Данияда өтіп жатқан Әлем чемпионатында екінші ойынын өткізді, деп хабарлайды Sport+.
Олег Болякиннің шәкірттері Германия құрамасынан 4:1 есебімен жеңіліп қалды. Дегенмен, алғашқы кезеңде есепті дәл солар ашты. Рикошет нәтижесінде шайбаны Никита Михайлис өз атына жазды, ал ассистент ретінде Аркадий Шестаков тіркелді.
Келесі ойында Қазақстан құрамасы Венгрия командасымен кездеседі.