logo

«Барыс» Қазақстан ұлттық құрамасының ойыншысын командаға қосқысы келеді

«Барыс» Қазақстан ұлттық құрамасының ойыншысын командаға қосқысы келеді

Шайба.kz сайтына белгілі болғандай, астаналық «Барыс» командасы қорғаушы Дмитрий Бреусты келісімшартқа алу niетінде, деп хабарлайды Sport+.

21 жастағы хоккейші соңғы үш маусымды Нижний Новгородтың «Торпедо» клубының жүйесінде өткізді. Оның клубпен келісімшарты 2026 жылдың 31 мамырында аяқталады.

Өткен маусымда Дмитрий Бреус КХЛ тұрақты чемпионатының 17 матчында өнер көрсетті және 2 (1+1) ұпай жинады.

ВХЛ тұрақты чемпионатының 32 ойынында «Торпедо-Горький» командасының қорғаушысы 4 (1+3) ұпайға қол жеткізді. Плей-оффта бес кездесуде нәтижелі ұпай тіркей алмады.

Қазақстан ұлттық құрамасы сапында Дмитрий Бреус әлем чемпионатында бес ойынға қатысты және нәтижелі пас берді.



Күн шежіресі