Қазақстан құрамасы хоккейден әлем чемпионатының топ-дивизионынан шығып қалды

Топтық кезеңнің соңғы матчында Швейцарияға қарсы ойында Қазақстан Аркадий Шестаковтың алғашқы кезеңде соққан голының арқасында 1:0 есебімен алға шыққан еді, бірақ 1:4 есебімен жеңілді, деп хабарлайды Sport+.
Осылайша, Қазақстан құрамасы В тобында соңғы орынды алып, бірінші дивизионға түсіп қалады.