Қазақстан құрамасы элитада қалу жолындағы күресті қиындатып алды

Қазақстан құрамасы әлем чемпионатындағы өз тобындағы аутсайдер Венгрия құрамасына 2:4 есебімен жол берді, деп хабарлайды Sport+.
Қазақ құрамасынан шайбаларды Никита Михайлис пен Валерий Орехов соқты.
Айта кету керек, бұған дейін бұл екі құрама арасындағы 8 матчтың барлығы Қазақстан құрамасының жеңісімен аяқталған еді. Алдағы кездесуде Олег Болякиннің шәкірттері мұз айдынының иелері Дания құрамасына қарсы ойнайды.