Қазақстан Әлем чемпионатында алғашқы жеңісіне жетті

Хоккейден Қазақстан құрамасы Данияда өтіп жатқан Әлем чемпионатын Норвегияға қарсы матчпен бастады, деп хабарлайды Sport+.
Ойын 2:1 есебімен қазақстандық хоккейшілердің пайдасына аяқталды.
Екінші кезеңде Роман Старченко Никита Михайлис пен Валерий Ореховтың пасынан кейін кезекті шайбасын соқты.
Ал үшінші кезеңде Владимир Волков Әлихан Әметов пен Дінмұхамед Қайыржанның пасынан кейін әлем чемпионаттарындағы алғашқы шайбасын соқты.