logo

«Барыс» өзінің көшбасшысымен келісімшартты ұзартты

«Барыс» өзінің көшбасшысымен келісімшартты ұзартты

Елордалық «Барыс» командасының чехиялық қорғаушысы Давид Скленичка келесі маусымда да клуб сапында өнер көрсетеді, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

«Трансферы КХЛ» телеграм-арнасының ақпаратына сәйкес, Скленичка мен «Барыс» бір маусымға келісімшартты ұзарту туралы келісімге қол жеткізді.

Еске салсақ, 2022 жылы әлем чемпионатының қола жүлдегері Чехия құрамасының мүшесі Скленичка 2023 жылы «Барысқа» қосылған болатын. Өткен маусымда ол 62 ойында 33 ұпай жинады (8 гол және 25 нәтижелі пас.



Күн шежіресі