Бақдәулет Зұлфықаров «Қайсардан» кетті
Қызылордалық «Қайсар» 23 жастағы қазақстандық шабуылшы Бақдәулет Зұлфықаровтың клубтан кеткенін жариялады, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Осы маусымда Бақдәулет Зұлфықаров «Қайсар» үшін тек екі матч өткізді. Бұған дейін шабуылшы «Тұран», «Қыран» және беларусиялық «Энергетик-БГУ» командаларында ойнаған.
Қазақстан Премьер-лигасында шабуылшы жалпы 34 матч өткізіп, 3 гол соқты.