Әзербайжандық клуб Қазақстан құрамасының қақпашысына қызығушылық танытып отыр
Әзербайжандық «Сабах» Қазақстан құрамасының қақпашысы Стас Покатиловты жалға алуға дайын, деп хабарлайды Sport+ Azerisport.com сайтына сілтеме жасап.
Дереккөз мәліметінше, тараптар келіссөздер жүргізуде және келісімге жақын. 32 жастағы қақпашының жалға алу мерзімі осы маусымның соңына дейін есептеледі.
Өткен маусымда Стас Покатилов «Тобыл» құрамында 24 кездесуге қатысып, ең көп қақпасын голдан аман қалдырған ойыншы атанды — оның есебінде 11 «құрғақ» ойын бар.