Қайсар Бекенов: Черчесов Қазақстан құрамасымен жұмысын жалғастырады
ҚФФ басқарушы директоры Қайсар Бекенов «Матч ТВ» арнасына берген сұхбатында Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Станислав Черчесовтың жұмысын жалғастыратынын және команданы 2026 жылғы әлем чемпионатына іріктеу турниріне дайындайтынын айтты, деп хабарлайды Sport+:
— Черчесов Қазақстан құрамасымен жұмысын жалғастырады. Ол федерация президентімен кездесті, олар әлем чемпионатының іріктеуіне дайындық жоспарын талқылады. Наурызға дейін уақыт аз қалды, ешқандай өзгеріс болмайды, барлығы жұмыс режимінде.
— БАҚ-та Черчесовтың қызметтен кететіні туралы хабарламаларға пікіріңіз қандай болды?
— Федерация да, Станислав Саламовичтің өзі де бұл тек қауесет екенін айтты, ешқандай ресми ақпарат болған жоқ. Кейінгі оқиғалар мұны растады. Барлығы жақсы, біз ойындарға дайындалып жатырмыз.
— Бапкерге федерация сенім артады, солай ма?
— Әрине, ол командамен жұмысын жалғастырып жатыр.