Самородов пен «Ахмат» ОЖЖ-да сербиялық клубты ұтты
Грозныйлық «Ахмат» оқу-жаттығу жиыны аясында өткен жолдастық кездесуде сербиялық «Нови Пазар» командасын жеңді, деп хабарлайды Sport+.
Ойын 5:3 есебімен «Ахматтың» пайдасына аяқталды.
«Нови Пазарға» қарсы бақылау матчы Белектегі оқу-жаттығу жиыны барысында өтті.
Қазақстандық шабуылшы Максим Самородов бастапқы құрамда алаңға шығып, нәтижелі паспен көзге түсті.