«Атырау» түлегімен келісімшартын ұзартты
«Атырау» футбол клубы 23 жастағы қақпашы Нұрасыл Тоқтаровпен келісімшартын ұзартқанын жариялады, деп хабарлайды Sport+.
«Атырау» тәрбиеленушісі Нұрасыл командамен келісімшартын ұзартты. Келесі маусымда Нұрасылдың «мұнайшылар» сапында жаңа белестерге жетуіне тілектеспіз», – деп жазды клубтың баспасөз қызметі.
Қақпашы осы маусымда «Атырау» үшін барлық турнирлерде 5 ойын өткізіп, 4 мәрте қақпасын голдан аман қалтырды.