Қазақстан құрамасының қақпашысы «Жеңістен» кетті
«Жеңіс» клубы 21 жастағы Қазақстан құрамасының қақпашысы Темірлан Анарбековтың командадан кеткенін ресми түрде жариялады, деп хабарлайды Sport+.
Оның кетуінің себебі — жалға беру мерзімінің аяқталуы. Қақпашының трансферлік құқықтары алматылық «Қайратқа» тиесілі.
Анарбеков «Жеңіс» үшін барлық турнирлерде 18 ойын өткізіп, 4 мәрте қақпаны аман қалдырды.
Сонымен қатар, ойыншы алғашқы рет Қазақстан құрамасына шақырту алды.