logo

«Атлетико» Испания кубогының алғашқы жартылай финалында «Барселонаны» ойсырата жеңді (видео)

«Атлетико» Испания кубогының алғашқы жартылай финалында «Барселонаны» ойсырата жеңді (видео)

Мадридте Испания кубогының алғашқы жартылай финалдық кездесуі өтті.

Онда «Атлетико» өз алаңында «Барселонаны» қабылдап, қарсыласына еш мүмкіндік қалдырмады — 4:0. Ойын «Рияд Эйр Метрополитано» стадионында өтті.

Алаң иелері матч тағдырын бірінші таймда-ақ шешіп тастады. 6-минутта Хоан Гарсия автогол авторы атанды. 14-минутта Антуан Гризманн есепті еселей түсті. 33-минутта Адемола Лукман мергендігімен көзге түссе, бірінші таймға қосылған уақытта Хулиан Альварес төртінші голды соқты.

Осылайша, «Атлетико» финалға шығу жолында жауапты матч қарсаңында айтарлықтай басымдыққа ие болды.



Күн шежіресі