Туррьентестің жалғыз голы баск дербиінің тағдырын шешті (видео)
Испания кубогының жартылай финалындағы алғашқы матчта «Реал Сосьедад» Бильбаодан жеңіспен қайтты.
«Сан-Мамес» стадионында өткен баск дербиінде сан-себастьяндық команда «Атлетикті» 1:0 есебімен тізе бүктірді. Бірінші таймда есеп ашылмағанымен, үзілістен кейін қонақтар шешуші соққы жасады.
62-минутта Туррьентес мергендігімен көзге түсіп, матчтағы жалғыз голдың авторы атанды.
Осылайша, «Реал Сосьедад» сырт алаңдағы маңызды жеңіске қол жеткізіп, финалға шығу жолында басымдыққа ие болды.