Испан тіліндегі дежавю. «Атлетико» - «Барселона» матчының тікелей эфирі
Бір жыл бұрын «Атлетико» мен «Барселона» Испания кубогының жартылай финалында кездескен еді, сол кезде екі матчтың қорытындысы бойынша каталониялықтар келесі кезеңге өтіп, кейін турнирдің жеңімпазы атанған болатын.
2026 жылы тарих тағы да қайталануда — қайтадан жартылай финал және тағы да «Атлетико» мен «Барселона».
Бапкер Диего Симеоне шәкірттері қарымта қайтаруға тырысады, ал олардың қолынан келе ме, жоқ па — оны 12-сінен 13-ақпанға қараған түні сағат 01:00–де білетін боламыз.
Тікелей эфир Sport+ телеарнасында, сондай-ақ sportplustv.kz сайтында көрсетіледі.