Асу Алмабаев треш-ток және ағылшын тілі туралы
Қазақстандық жауынгер Асу Алмабаев UFC-дегі треш-токқа қалай қарайтыны туралы айтып, ағылшын тілін үйренуге қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
«Мұның бәрі жауынгерге байланысты. Қазір біз бір қарсыласты қарастырып, онымен жұдырықтасуға шақыру дайындаудамыз. Бірақ мен кез-келген ТОП-10 немесе ТОП-15 жауынгерге қарсы шығуға дайынмын. Алдағы уақытта ұсыныс болады».
Сонымен қатар Алмабаев кітап оқу туралы сұраққа жауап берді және өзінің ағылшын тілі деңгейіне баға берді.
«Мен әрқашан кітап оқимын. Әр жиын сайын өзіммен бірге бір кітап алып кетемін. Ағылшын тілін үйренуге келетін болсақ, қиындықтар бар. Әзірге тіл үйренуге мүмкіндік тумай жатыр, бірақ мен бұл істі қолға аламын», - деді жауынгер.