logo

Асу Алмабаев: UFC-де ұлтқа, нәсілге қарай алалау жоқ

Асу Алмабаев: UFC-де ұлтқа, нәсілге қарай алалау жоқ

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Асу Алмабаев UFC несімен ерекшеленетінін айтты, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

UFC – пиар машина ғой. 1994 жылы мен туылған кезде пайда болған екен. Содан бері деңгейін түсірмей, апта сайын турнир өткізіп келеді. Ол қыруар қаржыны талап етеді. UFC-ға жету үшін қаншама лигалар миллиардтаған қаржы құйса да, іске аспай жатыр. Негізі, бір деңгейге көтерілу үшін ақшаға қарғанда тұрақтылық керек. Сол жағынан бұлар озық. Қай спортшыдан жұлдыз жасау керегін біледі. Бұл лиганың басқаларынан ерекшелігі, жауынгерді ұлтына, нәсіліне қарай бөлмейді. Бізде Азияда алалау жағы аздап кездеседі. Қай жерде өтсе, сол елдің спортшыларын тартуға тырысады, - деді А.Алмабаев.

Еске салайық, Асу Алмабаев жақында Майамиде (АҚШ, Флорида штаты) өткен UFC 299 турнирінде АҚШ өкілі Си Джей Вергараны төрешілердің шешімімен жеңген еді. Осылайша Алмабаев кәсіби мансабындағы он тоғызыншы, ал UFC-дегі екінші жеңісіне ие болды.