«Астон Вилла» Англия Кубогының 1/8 финалына шықты (видео)

Англия Кубогының 1/16 финалдық плей-офф кезеңінде «Астон Вилла» мен Лондонның «Тоттенхэм» командасы кездесті, деп хабарлайды Sport+.
Унаи Эмери баптайтын команда 2:1 есебімен жеңіске жетті.
Ойынның 57-секундында алаң иелерінің сапынан Джейкоб Рэмзи есеп ашты.
65-минутта Морган Роджерс «Астон Вилланың» басымдығын арттырды.
Ал «Тоттенхэм» командасының жалғыз голын 92-минутта Матис Тель соқты.