«Реал» нидерландтық ойыншыға қызығушылық танытуда
Мадридтік «Реал» 23 жастағы «Тоттенхэм» орталық қорғаушысы Микки ван де Венді өз құрамына қосу мүмкіндігін қарастыруда, деп хабарлайды Sport+ испандық Relevo басылымына сілтеме жасап.
Relevo ақпаратына сәйкес, нидерландтық футболшы «корольдік клубтың» қорғаушысына қойылатын барлық талаптарға сай келеді. Сонымен қатар, «Реал» «РБ Лейпциг» қорғаушысы Кастелло Люкебомен де байланысты үзбей бақылауда.
Ағымдағы маусымда ван де Вен барлық турнирлерде 11 матчқа қатысып, екі нәтижелі паспен көзге түсті. Оның «Тоттенхэммен» келісімшарты 2029 жылдың жазына дейін есептелген. Transfermarkt порталының мәліметі бойынша, ойыншының нарықтық құны € 55 млн құрайды.