logo

«Аякс» шабуылшысы АПЛ-ға ауысуы мүмкін

«Аякс» шабуылшысы АПЛ-ға ауысуы мүмкін

Англия Премьер-Лигасының екі клубы «Аякс» шабуылшысы Брайан Броббиге қызығушылық танытып отыр, деп хабарлайды Sport+.

Фабрицио Романоның мәліметінше, «Тоттенхэм» шабуылшыны жалға алу туралы ұсыныс жіберген. Бұған дейін тағы бір лондондық клуб — «Вест Хэм» ойыншыны міндетті сатып алу құқығымен жалға алу жөнінде «Аякс» клубымен келіссөздер жүргізіп жатқаны хабарланған еді.

Ағымдағы маусымда 22 жастағы нидерландтық шабуылшы 25 матчта 2 гол соғып, 5 нәтижелі пас берді.

Айта кетейік, Sport+ телеарнасы Қазақстан аумағында Эредивизидің ресми көрсетілім құқығына ие.