Астанада танымал футболшылар экоакцияға қатысты
Республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында елордада аты аңызға айналған футболшы Коло Туре мен Фадига Халилу көшет отырғызды, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
«Қазақстанға футбол жобасына арнайы қонақ ретінде бірінші рет келдім. Тек жасыл алаңда ғана емес, қаланың экологиясын сақтау мақсатында ұйымдастырылған акцияға қатысқаныма өте қуаныштымын.
Бұған дейін де көптеген қалаларда болдым. Ал Астананың өзіндік әдемілігі бар. Тазалығы бір жолға қойылғаны көрініп тұр. Бастысы мені сыйлап, шақырғандарыңызға қуаныштымын!» - деді кезінде «Арсенал», «Манчестер Сити», «Ливерпуль» сапында доп тепкен футболшы Коло Туре.