«Астана» жаңа маусымда ВТБ Бірыңғай лигасында жалғыз шетелдік команда болады
ВТБ Бірыңғай лигасының кеңесі өтіп, келесі маусымның қатысушыларының құрамы, форматы мен регламенті бекітілді, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Лиганың баспасөз қызметінің мәліметінше, жаңа маусымда 12 команда ойнайды. Олардың ішінде ресейлік клубтар: «Автодор», «Енисей», «Зенит», «Локомотив-Кубань», МБА, «Пари Нижний Новгород», «Парма», «Самара», УНИКС, «Уралмаш» және ЦСКА, сондай-ақ Қазақстаннан «Астана» командасы бар.
Естеріңізге сала кетейік, өткен маусымның жеңімпазы Мәскеудің ЦСКА командасы болды. Финалдық серияда армиялықтар Қазанның УНИКС командасын жеңді. Бұл жеңіс қызыл-көк команда үшін тарихтағы 11-ші жеңіс болды. Соңғы рет ЦСКА ВТБ Бірыңғай лигасында 2020/2021 маусымында жеңіске жеткен болатын. Ол кезде финалдық серияда да УНИКС командасын жеңген еді.