logo

«Астана» Батыс Азия лигасында ірі жеңіліспен бастады

«Астана» Батыс Азия лигасында ірі жеңіліспен бастады

Катарда БК «Астана» қатысуымен Батыс Азия лигасы басталды, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Алғашқы матчта қазақстандық команда Ливанның «Аль-Рияди Бейрут» командасына 69:101 есебімен ірі жеңіліске ұшырады.

Астаналықтар құрамында ең нәтижелі ойыншылар Девин Дэвис (15 ұпай), Маркелл Джонсон (10) және Роман Марчук (10) болды.

27 мамырда қазақстандық клуб турнирдегі екінші матчын бахрейндік «Аль Манама» командасына қарсы өткізеді.



Күн шежіресі