«Астана» екі ойыншысымен қош айтысты
«Астана» армениялық қорғаушы Вараздат Ароян және қорғаушы Саги Советтің командадан кеткенін жариялады, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Вараздат «Астанаға» алғаш рет 2021 жылы келді, бірақ сол жылдың жазында испандық «Кадиске» ауысып кеткен болатын. Өткен маусымда қорғаушы елордалық клубқа қайта оралып, 44 ойын өткізіп, екі гол соғып, екі нәтижелі пас берді.
Совет – «Астана» клубының түлегі. Футболшы елорданың негізгі құрамасы сапында барлығы 22 кездесу өткізген.
Қорғаушы 2023 жылғы маусымды «Оқжетпес» сапында өткізіп, 16 ойынға қатысып, бір гол соқты.