logo

Сергей Кейлер: Семейге оралғаныма өте қуаныштымын

Сергей Кейлер: Семейге оралғаныма өте қуаныштымын

«Елімай» футбол клубының қорғаушысы Сергей Кейлер SPORT PLUS QAZAQSTAN сайтына берген сұқбатында Семейге қайтып оралу, футболға қалай келгені туралы айтып берді, сонымен қатар алдағы маусымға байланысты ойлармен бөлісті.

– Сергей Жаңа жылыңызбен құттықтаймын! Мерекені қалай және қайда атап өттіңіз?

– Рақмет! Жаңа жылды үйде қарсы алдық. Бірге жиналып, біраз отырдық та, мен ұйықтауға кеттім.

– Өткен жылдың соңындағы басты жаңалықтардың бірі – сіздің «Елімайға» ауысуыңыз. Ұсыныс қалай түсті және шешім қабылдау туралы ұзақ ойландыңыз ба?

– Ұсыныс «Қайраттан» кеткеннен кейін келіп түсті. Симиниди Федор Анатольевич («Елімай» ФК басшысы) менімен байланысқа шығып, біз мәселелерді талқыладық. Шешім қабылдау туралы көп ойланған жоқпын, өйткені Семей - менің туған жерім. Сонымен қатар, клубтың үлкен мақсаттары бар және командадағы барлық адамдар ынталы. Отбасымен талқылаудан кейін қорытынды шешім қабылданды.

– Сіз Абай облысының тумасы болғандықтан, шынымен де туған жерге оралдыңыз деп айта аламыз. Қай жердің тумасысыз, және де балалық шағыңыз туралы айтып кетсеңіз?

– Мен Семей қаласы, Бородулиха ауылында дүниеге келдім. Бала кезімізде Алматыға көшіп кеттік, бірақ әр жазда демалыс кезінде туған жерім Семейімде ата-әжемнің қолында болатынмын.

Сергей Кейлер: Семейге оралғаныма өте қуаныштымын

– Футболға қалай келгеніңіз туралы айтып берсеңіз? Бұл Алматыға көшумен байланысты ма?

– Мен футболға сегіз жасымда келдім. Дене шынықтыру сабағы болды, біз футбол ойнадық, сабақ біткен соң маған бапкер Андрей Сергеевич Шелестов жақындады. Ол футбол секциясына келуді ұсынды, сондықтан мен СДЮШОР-2 жаттығуларына бара бастадым. Содан кейін «Цесна» сапына ауыстым.

– Сіз Андрей Владимировичпен бірге 2018 жылы «Қайратта» жұмыс істедіңіз, сол кезде алматылық клуб ел кубогын жеңіп алды. Бұл бапкермен жұмыс тәжірибесі туралы не айта аласыз?

– Онымен жұмыс істеу өте қызықты болды. Сол кезде Қайрат Советайұлы қазақстандық ойыншылармен Кубокты жеңіп алу мақсатын қойып, Андрей Карповичпен бірге біз бұл міндетті ойдағыдай орындадық. Андрей Владимирович – сауатты және өршіл маман, ол футболдың барлық қыр-сырын жақсы түсінеді, өйткені оның кәсіби деңгейде ойнау тәжірибесі мақтанарлықтай.

– Алматыда сіз Құрбан Бердыев, Алексей Шпилевский және Кирилл Кекер сияқты мамандармен жұмыс істедіңіз. Қай бапкерді атап өте аласыз?

– Құрбан Бердыев – тәжірибелі әрі қатал бапкер, оның жұмысы әрдайым кәсібилікке толы. Алексей Шпилевский – өз ісінің жанкүйері. Кирилл Кекер жас ойыншылармен жақсы тіл табысып, олардың дамуына қолайлы жағдай жасайды. Мен осы мамандардан ерекше және құнды тәжірибе алдым.

Сергей Кейлер: Семейге оралғаныма өте қуаныштымын

– Ойын тәжірибесінің аздығына қарамастан, соңғы бірнеше жылда алматылық клубтың капитандарының қатарында болдыңыз. Сізге негізгі құрамда ойнауға не кедергі болды?

– Құрамды шешу өз көзқарасы бар бас бапкердің мойнында.

– Өткен маусымда сіздің негізгі бәсекелесіңіз Лев Кургин болатын. Соңғы кездері оған «Зенит» тарапынан қызығушылық туралы жаңалықтар болды. Оның ойыны мен деңгейіне қандай баға бере аласыз?

– Лев Кургин – болашағы зор ойыншы, бірақ бәрі оған байланысты.

– Жалпы, «Қайраттағы» әріптестеріңізбен қандай қарым-қатынаста болдыңыз?  Мен басқалардан естігенім бойынша, сіз үнемі әзілдесіп, бір-біріңізбен қалжындасып ойнайтынсыз.

– Командада ең жақсы және ең жылы қарым-қатынас болды. Мен олардың көбін бала кезімнен білемін, жалпы достық атмосфера болды.

– Сізде Алматыдағы үйде тотықұстан бастап иттерге дейін көптеген үй жануарлар бар екенін білеміз. Сіз Семейге көшкен кезде оларға кім қарайтын болады?

– Иә, мен жануарларды шынымен де өте жақсы көремін. Бұл әрқашан қиын сәт, бірақ футбол өмірі осындай. Осы уақыт ішінде олар үшін жауапкершілікті әпкем өз мойнына алады, достарым да қажетті көмек көрсетеді.

Сергей Кейлер: Семейге оралғаныма өте қуаныштымын

– «Қайрат» сіз үшін туған клуб екені жасырын емес. Биыл ол 70 жасқа толды. Мерейтойға орай команда өз алдына жоғары мақсаттар қоятыны анық. Клуб үшін осындай мерейтойлық күнде көмектесе алмайтыныңызға ренішіңіз бар ма?

– Иә, «Қайрат» мен үшін өте қымбат клуб, және, әрине, мен клуб үшін осындай маңызды жылы көмектескім келді. Алайда, әркімнің өмірде өз жолы бар, оның не әкелетінін уақыт көрсетеді.

– Алдағы ҚПЛ маусымның фавориттерімен бөлісіп кетсеңіз. Үздік болып қай клуб атанады?

– Биылғы жыл өте қызықты болуға керек. Мен көптеген командалардың амбициясын ескере отырып, нақты ешкімді ерекше атап кете алмаймын. Маусым бәрін көрсетеді, сондықтан ел чемпионатын көру өте қызықты болады.