logo

Мынадай формамен бәрін жеңу керек: қазақстандық таеквандошылардың киім үлгісі желі қолданушыларын таңдай қақтырды

Мынадай формамен бәрін жеңу керек: қазақстандық таеквандошылардың киім үлгісі желі қолданушыларын таңдай қақтырды

Қытайдың Тайвань қаласында таеквондодан лицензиялық турнир өтіп жатыр, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Олимпиада жолдамасы сарапқа салынған жарысқа барған қазақстандық спортшылардың киім үлгісі желі қолданушыларын тәнті етті.

Таеквандо федерациясы Instagram желісіндегі парақшасында спортшылардың жарысқа бара жатқан сәттегі видеосын жариялады.

«Таеквондодан Қазақстан ұлттық құрама командасы Қытайда өтетін Азия іріктеу турниріне аттанды! Спортшыларымызға сәттілік тілейік!», - деп жазылған видеоның сипаттамасында.

Таеквандошылардың халықаралық жарысқа киіп барған формасы желі қолданушыларын тәнті етті. Олар спорттық форманың үздік екенін жарыса жазуда.